Тбилисиде Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты шара өтті
Грузия Қазақстанда зәйтүн өңдейтін зауыт ашады.
Өйткені бұл мемлекет біздің елде инвестицияның қайтарымы бар деп санайды. Қазір Тбилиси де Қазақстанның Республика күнін қарсы алып жатыр. Салтанатқа жиылған саясаткер, дипломат және кәсіпкерлер қос мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа риза. Жиында Азиядан Еуропаға жол ашатын транзиттік дәліз, теңіз портының құрылысы, тауар айналымын арттыру және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Елдегі реформалар мен Президент жолдауы төңірегінде ой-пікірлер айтылды.
Георгий Сванидзе, халықаралық зәйтүн кеңесінің президенті:
"Қазақстан президенті айтып өткендей, елде халықаралық инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасалған. Біз сіздерге ауыл шаруашалығы саласына қаржы құйып жатырмыз. Қазақсатнда 6 мыңнан аса зәйтүн ағашын отырғыздық. Жақында зәйтүн өңдейтін зауыт ашылғалы жатыр."