Е. Қарин М. Швыдкоймен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті.

Әңгіме барысында мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды мәдени бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени байланысты одан ары жалғастыру жөнінде уағдаласты.