Республика күні: ұлттық мереке тәуелсіздікті ұлықтайды

Республика күні – маңызы зор мереке, - дейді саясаттанушы Талғат Жанысбай.

Себебі 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын. Араға жылдар салып, атаулы күн былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайтадан Ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Тәуелсіздіктің бастауы болған күнді өскелең ұрпақтың санасында қайта жаңғыртып, ұлықтауымыз керек, - дейді саясаттанушы.

Талғат Жанысбай, саясаттанушы:

- Республика статусын, күнін алудың өзі сол кездегі Алаш қайраткерлерінің автономия алу мерекесімен тепе-тең десек те болады. Егер мәртебесін есептейтін болсақ, маңыздылығын. Сондықтан да бұл Республика күнінің маңыздылығы өте жоғары. Бұл Республика күнінде біздің барлық жастарымыз осы күнді атап өтіп, ұлттық мереке есебінде бұл күннің Тәуелсіздік алуымызға бір қадам алғышарттары екенін барлығы білу керек.