Еуропалық сыртқы саясат қызметі елімізді Республика күнімен құттықтады

Еуропалық Одақ пен Қазақстанның қарым-қатынасы жыл сайын артып келеді.

Қос тарап сауда, инвестиция, көлік, мәдениет, білім сияқты 29 сала бойынша тығыз ынтымақтастық орнатқан. Одақ елдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайды. Еуропалық сыртқы саясат қызметінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директордың орынбасары Люк Девинь елімізді Республика күнімен құттықтап, өзінің саяси көзқарасын айтты.   

Люк Девинь, Еуропалық сыртқы саясат қызметінің өкілі:

- Мен Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Сіздің еліңіз тәуелсіздік алғаннан кейін 32 жыл ішінде көп жетістікке қол жеткізді. Мен Қазақстанның болашағына зор үмітпен қараймын. Екі жақты қарым-қатынасымыз одан әрі де қарқындап дамитынына сенімдімін. 

Тери Хакала, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

- Мен Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік әр ел үшін ең маңызды сәт болып саналады. Қазақстандықтардың осы бір елеулі күнді ерекше атап өтуіне тілектеспін.