Әлихан Смайылов ДДСҰ конференциясында сөз сөйледі
Қазақстан үшін азаматтардың денсаулығы ең негізгі басымдықтардың бірі.
Тәуелсіздік алған сәттен халықты медициналық қызметтермен қамтуда елеулі прогреске қол жеткізілді. Премьер-министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясында осылай деді. Әлихан Смайылов республикада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бір-біріне байланыстырылған инфрақұрылымының құрылғанын атап өтті. Жалпы қазір медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру жалпы көрсеткіштің 56 пайызын құрайды. Өткен жылы ел Үкіметі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасын бекітті. Оның аясында 655 жаңа алғашқы көмек нысаны іске қосылады. Және шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 32 аудандық аурухана жаңғыртылатын болады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Біз аурулардың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыс жүргізіп келеміз. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына септігін тигізетін идеяларды ұсынуға дайынбыз. Өз кезегінде Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға әрдайым ашық.