Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің бастауы болған құжат
Саяси ғылымдар докторы Мұрат Мұхамедов егемендік декларациясының қабылдануы түбегейлі тәуелсіз ел болудың негізін қалады дейді.
Маңызды құжатпен аспирантурада оқып жүргенде танысқан тарихшы әкімшілік-аумақтық тұтастықтың алғашқы баспалдағы қаланғаны көңілге қуаныш ұялатқанын айтады. Одан бөлек, жаппай қырып-жою қаруын сынайтын полигондардың жабылуы да бейбіт өмірді қалаған буын үшін маңызды еді.
Мұрат Мұхамедов, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Осы декларацияда Кеңес одағының Мәскеуде шығатын заңдар Кеңестік Қазақ Социалистік Республикасының заңдарына қайшы келетін, тұтастығына зиян келтіретін болса, адам құқықтарына зиян келтіретін болса. Оның жерін, жерасты қойнауына байланысты зиян келетін болса, онда ол заң орындалмайтындай жағдай жасады. Бұл – үлкен нәрсе. 70 жыл бір мемлекеттің қарамағында тұрып мынандай декларация қабылдау үлкен төңкеріс деп айтуға болады.