Егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпады – Асылы Осман

Қазақстанның халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүддесіне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға правосы бар.

33 жыл бұрын қабылданған мемлекеттік егемендік туралы декларацияда жарияланған ұстанымдардың бірі осындай. Құжатта халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне қатысуға да құқығы бар деп көрсетілген. Декларация-осындай түбейгейлі бетбұрысқа жол ашты,-дейді қоғам қайраткері Асылы Осман. Қайраткердің айтуынша мемлекет болашағы үшін жасалған бұл маңызды қадамды бекітіп, шешім қабылдау оңай болмапты.

Асылы Осман, қоғам қайраткері:

- Декларацияны қабылдау оңай болған жоқ. Сол кездегі Салық Зиманов пен Сартаев, Жабайхан, Сапарғалиев деген керемет заңгерлеріміз таласып, тіпті Салық Зиманов 6 сағат бойы соны дәлелдеген. Осы күні декларация қабылданған ғажап күн. Бұл біздің еліміз үшін өте мәнді де маңызды да. Барша қазақстандықтарды осы Республика күнімен, ұлттық мерекемен жан тәніммен құттықтаймын!