Грузия Қазақстанды Республика күнімен құттықтады

Грузия Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтайды.

Ел премьер-министрінің орынбасары Леван Давиташвилидің айтуынша, екі ел арасындағы достық және мәдени қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекекттер арасындағы байланыстың барлық саласында ілгерілеу бар. Ол өз құттықтауында екіжақты ынтамқтастың басты негіздеріне тоқталды.

Леван Давиташвили, Грузия премьер-министрінің орынбасары:

- Мен біздің жақын достарымыз қазақтарды Республика күнімен құттықтаймын. Қазақстан халқына барлық жақсылықты тілеймін. Елдеріміз арасында ерекше байланыс орнап, барлық салада серіктестігіміз жемісті дамып жатыр. Сауда айналымы өсуде. Биыл екіжақты сауда көлемі 2 есе артты. Инвестиция да ұлғайып, соңғы 10 жылда 500 миллион доллардан асты. Мұның бәрі достық қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуда. Туризм мен мәдениет салаларында да байланысымыз кеңейіп жатыр.