ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады.
Ортақ түркі мәдениетін келесі ұрпаққа жеткізу және әлемге таныту үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұйым, 30 жылдан бері, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнеріне елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда, ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы құттықтау жолдады.
Сұлтан Раев, Халықаралық Түрксой ұйымы бас хатшысы:
"Құрметті бауырластар, құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі сіздердің ең ұлық мейрамдарыңыз Республика күнімен Түркі дүниесінің мәдени қауымдастығы - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы атынан шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі Қазақстанның әлемдік аренда өзіндік орны бар. Алдында үлкен міндеттер тұрған ел. Бүгінгі Қазақстан - үлкен саясат, мәдениет, экономиканың орталығы. Халықаралық бастамаларымен көптеген саланың көшбасшысына айналды. Еуразия құрлығының қарыштап дамып келе жатқан демократиялық мемлекеті. Туыстас еліміз, бауырлас халқымыз - бұдан да биік белестерге жете беруіне тілектеспін. Күллі әлемде көшбасшыға айналар ел болсын! Құттықтаймын!"