29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды. Елдің барлық аймағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлар тоқтатылды. Бұл тәуелсіз ел тарихындағы он үшінші, ал осы жылдағы екінші қаралы күн.