Макрон, Путин, Лукашенко елімізге қайғырып көңіл айтты
Қарағандыда болған қайғылы оқиғаға байланысты Франция Президенті Эммануэль Макрон қазақ халқына қайғырып, көңіл айтты.
«Қазақстанға ресми сапарымнан бірнеше күн бұрын, мен қазақ халқына деген достық қарым-қатынасымды куәландыруым керек еді. Алайда мен елдегі шахталардың бірінде болған қайғылы оқиға туралы естідім. Барлық қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын». Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.