Қазақ-фин форумында ормандағы ағашты көбейту мәселесі талқыланды
Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияға биыл – 30 жыл.
Осы уақыт ішінде көптеген ауқымды жұмыс атқарылды. Сол бағыттардың бірі орман алқабы. Бүгін елордада Ормандарды тұрақты басқару жөніндегі қазақ-фин форумы өтті. Онда ел аумағында орналасқан ормандардағы ағаш санын көбейту мәселесі талқыланды. Жалпы Финляндия дүние жүзіндегі ағаш өнімдерін экспортқа шығарушы негізгі мемлекет саналады. Сондықтан оның Қазақстан экономикасы мен экология саласының әртараптандыруына пайда әкелетін тәжірибесі бар.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Біз екі ел арасындағы қандай да бір жобаның жүзеге асуына қолдау білдіреміз. Қазақстан мен Финляндияның инвестициялық ынтымақтастығын арттыру мен өзара сауданы ұлғайту бойынша үлкен мүмкіндіктері бар. Біздің тарап ауызбірлікті нығайтуға қащан да ниетті.