Мажарстанның премьер-министрі Қазақстанға келді

Қазақстанға ресми сапармен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келді.

Мәртебелі мейманды Астана әуежайында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды. Сапар барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы талқыланады.