Астанаға Шавкат Мирзиёев келді

Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды. Шавкат Мирзиёев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.