Абай облысындағы Курчатов тұрғындары да сайлауда белсенді

Қалада 10 мың 424 тұрғын бар, 7 мыңға жуығы сайлаушылар тізіміне тіркелген.

Олардың дауысынан 9 адам үмітті. Дауыс беру 12 учаскеде өтіп жатыр. Оның ішінде біреуі жабық режимде жұмыс істейді.

Эрлан Батырбеков, «ҚР ҰЯО» РМК бас директоры:

- Қала әкімін сайлауға жергілікті тұрғындардың әрқайсының құқығы бар. Сондықтан оны біз тиімді пайдалануымыз керек. Бұл өте жақсы, өйткені қаланың қандай болу керектігін және кім басшылық ететінін осы сайлау арқылы анықтаймыз. Біздің қаламыздың алдағы 4 жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы бүгінгі сайлауда таңдаған адамға байланысты болады.

Әлия Сұлтанова, №150 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

- Біздің сайлау учаскемізде сайлаушылар 470 адам. Қала әкімін сайлау аза маңызды. Сондықтан Курчатов тұрғындары байыптылықпен бұл шараға қатысып жатыр. Қаламыздың әр тұрғынының таңдауы шешуші рөл атқарады.