Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының тұрғындары дауыс берді
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау азаматтарға өз елді мекенінің дамуына ықпал етуге жаңа мүмкіндік береді.
Олар мемлекеттік басқару жүйесіне осылайша өз үлесін қоса алады. Нәтижесінде мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тек нығая түспек, дейді дауыс берушілер. Мұндай мүмкіндікті Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының тұрғындары да құр жібермеуді жөн көрді.
Блиц:
- Азаматтық ұстаным тұрғысынан еліміздің саяси өміріне және ауданымыздың өркендеуіне белсенді үлес қосқымыз келеді. Бағдарламасы ұнаған үміткерге даусымызды беріп жатырмыз.
- Азаматтық құқығымды пайдаланып келдім. Аудан әкімі болуға лайық деп таныған үміткеріме даусымды бердім. Өйткені ауданымыздың болашағына бейжай қарай алмаймыз.