ШҚО Алтай ауданы әкімінің лауазымына екі кандидат бар

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы әкімінің лауазымына екі кандидат бар.

Жергілікті жұрт өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды. Ауданда 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Саяси науқан  барысы тәуелсіз байқаушылардың назарында. Жергілікті мемлекеттік емес ұйым өкілдерінен 6 мобильді топ құрылды. Олар жолдарды қар басқанына қарамастан, ауылдарды аралап шықты. Учаскелерде онлайн бағдарлама арқылы сайлаушының тіркеуде тұрған жерін бірден анықтайды. «Халық сайлауға белсене қатысып жатыр», - дейді байқаушылар. Көпшілікті туған жердің болашағы алаңдатады. Алтай - өңірдегі туристік әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Мұнда тау-кен өндірісі де жақсы дамыған.

Руфит Ахметзиянов, «Дауыс» тәуелсіз байқаушылар коалициясының үйлестірушісі:

- Байқаушылар екі топқа бөлінген. Аудан әкімінің сайлауы алғаш рет өтіп жатса да, жергілікті тұрғындар белсенді. Аймақтағы барлық учаскелер заң талаптарына сай  жұмыс істеп жатыр.