Қарағанды облысында дауыс беру аяқталды
Қарағанды облысында барлық сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен 20:00-де аяқталды.
40 мыңға жуық электорат екі аудан мен бір қаланың әкімін өздері таңдады. Сайлау пилоттық жоба ретінде Ақтоғай мен Осакаров ауданы және Приозерск қаласында өтті. Жергілікті әкім лауазымына 9 үміткер таласты, яғни, бір орынға үш үміткерден келді. Қазір комиссия өкілдері қолданбаған бюллетеньдерді жойып, дауысты санап жатыр. Қортындысы протоколмен хатталып, ақпарат тақталары мен БАҚ беттеріне жарияланады. Аудан және қала әкімін сайлау алғаш рет өтті. Саясаткерлердің пікірінше жергілікті тұрғындардың әкімді өзі таңдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі елеулі институционалдық өзгеріске әкеледі. Сондай-ақ меритократия қағидатының үстемдігіне жол ашады.