Сайлау халықтың саяси мәдениетін арттырады
Елімізде алғаш рет пилоттық түрде өткен аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау науқаны Қазақстанда демократиялық дамуға жетелейді.
Халықтың өз қалауын білдіріп, еркін таңдау жасауы азаматтық қоғамның іргетасын бекемдейді. Пилоттық жобаның нәтижелі іске асуы бұл жүйенің тиімділігін айғақтай түседі, - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Элина Паули.
Элина Паули, «Қоғамдық келісім» РММ директоры:
- 2021 жылы ауылдарда сайлау болды. Кешегі сайлау туралы айтқанда, бұл біздің сайлау жүйеміздің либерализациясы деуге болады, демократияландыру жолындағы өте маңызды қалам. Әрине, бұл – пилоттық режимде өтетін сайлау. Ертең өз нәтижесін береді.