Газа секторында 76 қазақстандық бар
Газа секторында 76 отандасымыз қалып отыр.
Отбасы мүшелерімен қосқанда 161 адам. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Қазақстанның Каирдегі елшілігі күн сайын Мысырдың Сыртқы істер министрлігімен және басқа да құзырлы органдармен азаматтарымызды эвакуациялау жайында келіссөз жүргізіп жатыр. Арнайы мессенджер арқылы ол жақтағы жерлестерімізбен жедел байланыс орнатылған. Әрбір азаматтың орналасқан жері, денсаулық жағдайы тікелей бақылауға алынған. Ал Мысыр мен Израиль тарапы шетелдіктерді сыртқа шығару үшін шарт қойған. Қазір Газа секторындағы Рафак өткізу бекетінде шектеу бар, белгілі бір күндері 500 адамнан ғана өткізуге рұқсат етілген.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Шетелдік азаматтардың отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр тарапынан және Израиль тарапынан да белгілі бір талаптар бар. Мысалы, үштен бір бөлігі эвакуациялауға яғни жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді: бұл кәмелетке толған балалар, ерлі-зайыптылар, немерелер және балалардың жұбайлары. Осыған орай, біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кету мүмкіндігі болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес. Біз Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз.