В. Путин екі елдің қарым-қатынасы туралы айтты
«Біздің халықтарымыз әрқашан тату көрші, шынайы дос болған және солай болып қала береді».
Ресей президенті осылай деді. Ертең елімізге келетін Владимир Путин сапар қарсаңында «Казахстанская правда» басылымына сұхбат беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуын баяндады. Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай байланыста екеніне ерекше тоқталып өткен. «Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы дос болып кеткенімізді, жақын қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз бір уақыттың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз» деді.