Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады.
Кездесуде агенттіктің қазіргі жұмысы мен жоспары баяндалды. Президентке Қазақстан экономикасындағы құрылымдық реформалардың жүзеге асырылуына жасалған сараптама жұмыстары таныстылып, ұлттық статистика жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін айтылды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Жандос Шаймарданов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:
- Президентке экономикасындағы құрылымдық реформалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды. Сонымен бірге, Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру бойынша Президент тапсырмасының іске асуы туралы айттым. Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.