Тату көршілік табысқа бастайды
Биыл 11 қарашада Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады.
Осы жылдар ішінде қос ел ұзақмерзімді ынтымақтастыққа берік стратегиялық серіктес екенін көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік "Известия" басылымына берген сұхбатына қатысты пікір білдірген Парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Төлендинова осылай деді.
Жанар Төлендинова, Парламентаризм институтының атқарушы директоры:
- Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы сындарлы сипатқа ие, біз барлық мәселені екіжақтың пікірін ескере отырып, тиімді шешеміз. Соңғы бір жарым жылда қос мемлекеттің сауда-экономикалық байланысында оң серпіліс байқалады. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 6-8 пайызға өсті.