Газа секторынан Қазақстанның 92 азаматы эвакуацияланды

92 отандасымыз бен олардың отбасы мүшелері Газа секторынан шығарылды.

Олар «Рафак» бақылау-өткізу пункті арқылы Мысыр аумағына өтті. Қазақстандық дипломаттар қалған отандастарымызды эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастыруда. Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Газада 76 азаматымыз бен мен олардың отбасы мүшелері қалып отыр.