Е. Қарин: Бүгін Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды
«Бүгін Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы құжат.
Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» атты жобаны жүзеге асырудың заңнамалық негізі қалыптасты.
Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылады.
Балалар кәмелет жасына толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды.
Президент осы заңға халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні қол қойды. Мұның символдық мәні бар деуге болады», -деді жазған Ерлан Қарин Telegram парақшасында.