Халықаралық валюта қорымен серіктестік
Елде салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бюджеттік процестерді оңтайландыратын, бюджетаралық қатынастарды жақсартатын, жалпы мемлекеттік қаржыны басқару сапасын арттыратын жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу қолға алынды. Бұл туралы Премьер-Министр мен Халықаралық валюта қорының республикадағы миссиясы басшысының кездесуінде айтылды. Жиында өзара ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Николя Бланше Қазақстанның болашақта ауқымды экономикалық өсімге қолжеткізуі үшін қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті екенін атап өтті.