Құны ₸1 трлн активтер мемлекетке қайтарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты.

Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы ел экономикасында адал және нақты ережелер орнатуға, оны демонополизациялауға бағытталған. Осылайша, ірі 14 акционерлік қоғам, 7 ғимарат, 162 теміржол нысаны, автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да акция пакеттері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Елімізде сондай-ақ «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылды. Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң өз күшіне еніп, бүгінгі таңда 11,3 млрд теңгеден астам сомаға 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.