Бағдарламаның байыпты нәтижесі
Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясында көптеген мәселе шешімін тауып жатыр.
Мәселен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. 8 миллион гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды.
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасымен шаруалар 40 миллиард теңгеге 1000-нан астам комбайн мен трактор сатып алды.
Мал азығын жинау техникасына 20 миллиард теңге бөлінді.
Сондай-ақ қазір ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асып жатыр.
Биыл шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінді. Бұл ауылдарда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар елді сумен қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды шешетін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Енді 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1700 миллион метр куб болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Мұнан соң Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 11 су қоймасын салу – күн тәртібінде тұр.
8 млн гектар – Пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды;
₸40 млрд – 1053 комбайн мен трактор сатып алынды;
₸20 млрд – 2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасы сатып алынды;
₸100 млрд – 17 мың шағын несие берілді.