Саяси реформалардың соңғы нәтижелері
Президенттік кадрлық резерв арқылы білікті кадрлар базасы жасақталды.
Бірақ дарынды жастардың әлеуетін іске асыратын орта қалыптастыру қажет. Белгілі қоғам қайраткерлері жемқорлықтан ада, қалтаның қамын емес, халыққа адал қызмет етуде мақсат ететін мамандарды мемлекеттік қызметке тарту керек дейді.
Еске салайық, Прездиент тапсырмасымен, Мемлекеттік қызметке кірудегі кедергілерді жою үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Мысалы, конкурстық іріктеу форматы жаңарды. Енді мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын ойдағыдай бітірген үздік түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға болады.
Рауан Кенжеханұлы, "Халықаралық қазақ тілі қоры" қоғамдық бірлестігінің президенті:
- Менің ойымша әр адамның жеке жоспарлары тұлға ретіндегі маман ретіндегі қоғамның жоспарларымен сәйкес келген кезде, үлкен бір миссиямен елдік мақсаттармен мүддемен бұл үлкен бір бақыт . Көп адамдар өзінің жеке тұға адам ретіндегі күнделікті жасап жүрген қызметінің елге қоғамға керек емес екедігін, не болмаса елдің қоғамның мемлекеттің үлкен бір жоспарымен сәкес келмейтіндігін көрген кезде Олар елден безеді. Ол кез келген жерде бар құбылыс. Сондықтан бізге елдің ішіндегі отаншылдықты осындай бір елдік ниетті ауысзбіршілікті қамтамасыз еті үшін осы нәрсеге назар аударуымыз керек сияқты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясының бір жылдығына орай, "Хабар" арнасында "Белес" және "Аманат" сараптамалық сұхбаттары эфирге шығады. Арнайы шығарылымды бүгін сағат 21.40-та және ертең 26-шы қараша сағат 20.40-та көре аласыздар. Студия қонақтары: саясаткер, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Әділ Ахметов, Әлихан Байменов және "Халықаралық қазақ тілі қоры" Қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы.