Сарапшы: Саммиттегі серіктестіктің берері көп
Әзербайжанда өтіп жатқан саммит елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың жарқын мысалы.
Экономист Анна Альшанская осылай дейді. Оның айтуынша, қазір біздің ел тауар айналымын арттыруды ғана емес, цифрландыру мәселесін қолға алуды да көздеп отыр. Мысалы, соңғы 3 жылда Қазақстандағы IT-қызметтің экспорты 5 есе өскен. Биыл оның құны 500 млн долларға жетуі мүмкін. Сонымен қатар, саммит отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығаруға да зор көмек болмақ.
Анна Альшанская, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы:
- Қазақстан шикізаттық емес өнімдердің экспортын ұлғайтуға дайын екендігін көрсетті. Бұл саммит азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды. Жалпы, қыркүйектегі Жолдауда Қазақстан өңірдегі аграрлық орталыққа айналатыны айтылған еді. Аталмыш алаң осы стратегиялық мақсатты орындауға мүмкіндік береді.