Түркістанға ерекше мәртебе берілуі мүмкін
Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі мүмкін.
Тиісті заң жобасы, жуықта арада Парламент қарауына енгізіледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Былтыр президент облысқа жасаған сапарында Түркістан рухани, тарихи орталық болуға лайық екенін ескеріп, ерекше мәртебе беру керектігі жөнінде ұсыныс білдірген. Мемлекет басшысының бастамасынан кейін, өңір арнайы заң жобасын әзірледі. Аймақ басшысы Түркістандағы тарихи орындарды осы қалыпта сақтап, дамыта түсу үшін ерекше мәртебенің маңызы зор екенін айтты.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:
- Ерекше статус берілуі, былайша айтқанда, қосымша мүмкіндіктер береді. Бізге әртүрлі шешімдер қабылдап, тиісті шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қаланың рухани және мәдени дамуына серпін береді. Кесенені, құрылыстарды реттеу керек. Түркістан қаласының өз стилі болуы тиіс. Осыған байланысты құрылыс жөніндегі кеңес құрылады. Ал қалалық мәслихатқа 65-ке жуық құзыр беріледі.