Ақпараттық қауіпсіздік күшейтіледі

Сенат депутаттары ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Құжат дербес деректерді қорғап, цифрлық майнинг қызметін құқықтық тұрғыда жетілдіреді.

Депутат Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, жеке мәлімет қорғал-мағандықтан тұрғындар жиі алаяқтардың құрбаны болуда. Осыған байланысты, енді жеке мәліметтердің көшірмесін жинауға, әрі өңдеуге тыйым салынады.

Ал елге келген шетелдік азаматтарға, жеке құжатын өткізу талап етіледі. 

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Жаңа заңға сәйкес, мем органдардың деректерді қорғауға байланысты бақылауы мен қадағалауы күшейеді. Шетелден келетін азаматтардың құжаттардың көшірмесін алуға рұқса етіледі, талап етіледі. Жекелеген азаматтардың несие алудан бас тарту мүмкіндігі беріліп отыр. Яғни, кез келген азамат несие алуға ниеті болмаса, электронды түрде бас тарта алады.