Мұрат Нұртілеу Сербияның Сыртқы істер министрімен келіссөз жүргізді
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапарында сербиялық әріптесі Ивица Дачичпен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Тараптар әскери-техникалық, мәдениет және спорт саласы бойынша ведомствоаралық меморандумға қол қойды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық қатынасты нығайтуға уағдаласты. Бұдан бөлек қазақстандық саясаткер сербтердің ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялары мен озық тәжірибесіне қызығушылық танытатынын жасырмады. Соған орай, қос тарап Еуразиялық экономикалық одақ пен Сербия арасындағы еркін сауда ынтымақтастығының мүмкіндігін пайдаланып, Қазақстан-Сербия іскерлік қатынасын дамытуға ортақ шешім қабылдады.