Әскери авиацияның әлеуеті артады
Алдағы күндері Қазақстан қарулы күштері су жаңа ұшақтармен және тікұшақтармен толығады.
Бұл жөнінде Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. Ол бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Мәселен, тамыз айында алғашқы "Anka" шабуылдау ұшақтары тәжірибелік бағытта қолданылды. Соңғы 3 жылда әскери қызметкерлердің лауазымдық жалақысы да көтерілді. 2021 жылы 35 пайызға, 2022 жылы 11 пайызға, ал 2023 жылы 9 пайызға өскен. Олардың отбасы мүшелерін қолдау шаралары да қарастырылған.
Дәурен Қосанов, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:
- «Отбасы банкі» арқылы екі бағдарлама бойынша ипотекалық несие алу жүйесі бар: Ол «Әскери баспана» және «Әскери өнім». Сонымен қатар, әскери қызметкерлер ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алады. Бұған қоса жеке табыс салығын төлеуден, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден және сақтандырудан босатылған. Заңнамада тегін медициналық көмек алу құқығы қарастырылған.