Блогерлер журналистермен теңестірілмейді
Блогерлердің жұмысы журналистердің қызметімен теңестірілмейді.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралы интернет-платформалар екенін айтып, ол заңмен реттелетінін жеткізді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Жоқ, теңестірілмейді. Ол үшін арнайы заң бар. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралының бәрі интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ал біздің заңға оның қатысы жоқ.