Президент Қорғаныс министрін қабылдады
Енді мемлекет пен қорғаныс бағытындағы отандық кәсіпорындардың ықпалдастағы күшейеді.
Шекара шебіндегі сарбаздарымыз да арнайы операцияларға жиі қатыса бастайды. Мемлекет басшысы-Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдап, осындай тапсырма берді. Кездесуде қорғаныс саласын ұшқышсыз ұшақ кешендері және әуе шабуылына қарсы қару-жарақ, бронды һәм авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, Президентке азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражат туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті.