Ақтауда бірегей тыңайтқыш өндіріледі
Ақтауда құрамында азот бар бірегей тыңайтқыш өндіретін кешен салынады.
Аммиак-карбамид кешенінің құрылысы Қазақстан үшін жаңа өнім – карбамид өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл – кез келген топыраққа жарайтын құрамында азот бар бірегей тыңайтқыш.
Астанада Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Tecnicas Reunidas компаниясының атқарушы төрағасы Хуан Лиадо химия және мұнай-газ химиясы салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы Испания Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 42%-ға өсті.