Сенат пен Мақсұт Нәрікбаев Университеті ынтымақ туралы меморандум орнатты
Парламент Сенатының Жобалық кеңсесі мен Мақсұт Нәрікбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандум орнатты.
Бұл заң дайындау поцесіне академиялық ортаны тартып, сапалы нормаларды әзірлеуге серпін береді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Университет сарапшыларымен кездесуде: Реформалардың тиімді әрі дұрыс жүзеге асырылуы қабылданған заңдарға байланысты, деді. Осыған орай ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты оңтайлы заңнамалық шешімдер табуға жұмылдырудың маңызы артып отыр. Заңнамалық жұмыстарға жаңа тәсілдер қажет. Құзіретті мамандарды жұмылдыру арқылы заңдардың өзектілігі мен сапасы артады, деп атап өтті Сенат Төрағасы. Екі жылда Парламент 170-тен астам заң қабылдады. Алдағы уақытта Салық, Бюджет және Су Кодекстері қабылдау жоспарланған. Барлық құжат саяси жүйені жаңғыртып, экономиканы жандандыруға арналған. Сондай-ақ Мақсұт Нәрікбаев Университетінің ғалымдары заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізіп, жаңа нормаларды талқылауға белсене араласып келеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Президентіміздің барлық бастамаларын сәтті іске асырып, Әділетті Қазақстан бағдарламасын тиісті деңгейде орындау үшін заңдарымыздың сапасы өте жоғары болуға тиіс. Сондықтан бізге, ең алдымен, жаңа формациядағы заңдар қажет. Екіншіден, Әділетті Қазақстанды бәріміз бірге қалыптастырамыз. Ал Әділетті Қазақстан дегеніміз инклюзивті Қазақстан. Осыған байланысты заңдарды әзірлеу кезінде әлеуметтік топтардың пікірлері де ескерілуі керек.
Алмас Жұмағали, МНУ ассистент-профессоры:
- Бұл жұмыстың негізгі мақсаты былай: Ресми органдар заң шығарушы органдар заңдарды жетілдіруге байланысты ғылыми ортаға қарай қадам жасады. Ал ғылыми орта МНУ-нан заңдарды жетілдіруге өздерінің қолдау білдіретінін көрсетіп олар да өздерінің қадамдарын жасап ортада меморандумға қол қойдлды. Негізгі мақсат заңдарды өмірден алшақтатпай, ғылыми негізде қабылдау керек. Ал ғылыми негізі бар ережелерді қабылдаған кезде ол ережелер заңдар өміршең болады.