Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат геологиялық барлауға қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Депутаттардың айтуынша, заңнаманы әлі де жетілдіру қажет. Енді Мәжілісмендер оны қайта қарайды. Жалпы құжат жер қойнауын пайдалану бойынша жұмыстарды жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, барлық геологиялық барлау жұмысына жедел көшуге, сараптамалардың мерзімін қысқартуға және рәсімдер бойынша әкімшілік шығындарды 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді.