Президент республикалық басылымдардың біріне сұхбат береді
Ел Президенті қаңтар айының басында республикалық басылымдардың біріне сұхбат береді.
Биыл бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысының 3 мақаласы жарық көріп, отандық және шетелдік тілшілерге берген бірнеше сұхбаты шықты.
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы:
- Қасым-Жомарт Кемелұлы шет мемлекеттердің басшыларымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша 8 брифинг өткізді. Бұған қоса жыл басынан бері шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарына 4 рет, соның ішінде соңғы екі айда «Известия» басылымына және Еuronews телеарнасына сұхбат берді.