БҰҰ Қ.Тоқаевтың бейбіт бастамаларын қолдайды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздік жүйесін
реформалауға, БҰҰ Жарғысын сақтауға және дипломатияны нығайтуға негізделген бастамалары бүгінгі күні өте өзекті.
Бұл туралы Женевада БҰҰ Бейбітшілік университетінің тұрақты бақылаушысы Давид Фернандес Пияна біздің телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан басшысы ксенофобия, төзімсіздік пен кемсітушілік белең алған қазіргі таңда дүниежүзіндегі дін қайраткерлерінің басын қосып, бірлесе жұмыс істеу өте маңызды екенің атап өтті, сондықтан біз бастаманы қолдаймыз,-деді БҰҰ өкілі.
Давид Фернандес Пияна, БҰҰ Бейбітшілік Университетінің тұрақты бақылаушысы:
- Президент Тоқаевтың бастамаларын және Қазақстанның экстремизмнің барлық түрлерімен күрестегі жұмысын, сондай-ақ оның толеранттылық пен әлемдегі барлық діндер мен ұлттар арасында бейбіт өмір сүрудің маңыздылығына баса назар аударуын қолдаймын. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі өте маңызды. 2022 жылғы Съезд Декларациясында ұсынылған дінаралық диалогтың тұрақты платформасын құру үшін БҰҰ-ның да осы бағыттағы бастамалары бар. Адам құқықтары жөніндегі Кеңсе бұл жобамен көптен бері жұмыс істеп келеді. ЮНЕСКО да дінаралық диалог мәселелерімен айналысады. Енді Съезд бен Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі арасында ортақ тіл табу маңызды.