АӨСШК: Сауд Арабиясына бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді

Сауд Арабиясына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне оныншы бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.

Бұл бастама 12 желтоқсанда кеңестің аға лауазымды тұлғалар комитеті отырысында қаралған. Корольдік бұған дейін Араб мемлекеттері лигасы, ислам ынтымақтастығы ұйымы, мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше мемлекет ретінде әлемде көпжақтылықты ілгерілетуге белсенді үлес қосып келеді. Ал Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде мүше болуы, аймақтағы ынтымақтастықты кеңейтіп, жаһандық сын-қатерлерді шешуге деген ортақ ұмтылысын арттырады, дейді сарапшылар. Айта кетейік, кеңеске Бахрейн, Катар, БАӘ белсенді мүшелік етеді. Соңғы 3 жылда Азия ұйымы Кувейт, Түрікменстан, Еуразиялық экономикалық Одақ елдерімен толықты.