Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.