Смайылов: Кәсіпкерлер алаңдамасын
Биыл шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 36,5%-ына дейін өсті. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңға артып, 4,3 млн адамға жетті. Өсу қарқыны шамамен 14%.
Біздің арнамызға берген сұхбатында Премьер-министр Әлихан Смайылов шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасы мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.
Сондықтан мемлекет қолайлы бизнес-ортаны құруға үлкен мән беріп отыр, - деді ол.
Сондай-ақ, Премьер-министр алдағы жылы бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін Қазақстан кәсіпкерлерін не күтіп тұрғаны жөнінде айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс талаптарды анықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламентте тиісті заң қабылданғаннан кейін алынып тасталады.