Президент сұхбаты Қаңтар оқиғасына қатысты бірқатар мәселенің басын ашты
Президенттің сұхбатында халықтың көкейіндегі көптеген сұраққа жауап табылды.
Оқырмандар әсіресе Қаңтар оқиғасына қатысты бірқатар мәселенің басы ашылғанын алға тартып отыр. Сондай-ақ көпшілікті саяси реформалардың жүзеге асу үрдісі толғандырады. «Еститін үкімет» тұжырымдамасының өрісі кеңіп, мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мәселесі назарда.
Асхат Кеңесов, саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы:
- Қаңтар оқиғасына байланысты маңызды ақпарат алдым. Әсіресе «қосбиліктің» орнатылуына байланысты және халықтың арасындағы қазіргі таңда жүрген саяси өсектердің көп мәселелері шешілді деп ойлаймын. Дегенмен де көптеген сұрақтарға байланысты әлі де болса ашық сұхбаттар қажет. Бір сұхбатпен Президенттің позициясын анықтау мүмкін емес. Өйткені мәселе көп.