Е. Қарин ішкі саясат бағытының жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді

akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат саласы бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиын барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген сұхбатында айтылған басым бағыттарға сәйкес ішкі саясат саласында қызмет ететін құрылымдардың негізгі міндеттерін айқындады. Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын ұйымдастыру және оны мазмұн тұрғысынан толықтыру, Наурыз мейрамын жаңа сипатта мерекелеу, Қазақстан тарихының жаңа академиялық жинағын әзірлеу жұмыстарын аяқтау, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, басқа да айтулы іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтау мәселелеріне бөлек тоқталды. Жиын соңында Ерлан Қарин құзырлы мемлекеттік органдарға ішкі саясат бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.