Заң мен тәртіп баршаға ортақ
«Елде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейеді.
Қорғансыз бала мен нәзік жандылардың құқығы жұрт болып жұмылғанда шешім табады».
Алматы қалалық Қоғамдық кеңес төрайымы Алтынай Көбеева осылай деді. Қоғам белсендісі Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту қажет екенін айтады.
Алтынай Көбеева, қалалық қоғамдық кеңестің төрайымы:
- Былтыр болған оқиға естеріңізде болса, көптеген тұрғын отбасылық зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуге қол қойды. Президент қоғамдағы оқиғаларға, халықтың талабына назар аударып отырады. Соның нәтижесінде, осы іске қатысты жазаны күшейту туралы бастама көтеріп отыр.