Азаматтық альянс Президент мақаласын талқылады
Конституция қайта өзгертілмеуі керек.
Президент мақаласын талқылаған Азаматтық Альянс мүшелері осындай пікір білдірді. Дөңгелек үстел барасында "Мемлекет басшысының екінші мәрте сайлауға түспеймін дегені әділдік. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтарға бұл үлгі болуы керек және заң қайта өзгермеуі қажет" деген ортақ ой айтылды. Сондай-ақ сарапшылар президент сұхбатының маңызды тұстарын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бәріміз халыққа жұмыс істеуіміз керекпіз. Бәріміз осы азматтардың әлеуметтік жағдайын, экономикамызға, болашаққа жұмыс істеуіміз керек деген осы принцип бірінші орында тұрды. Сол үшін президенттің өзінің конституциялық жеті жылдығына, жеті жылдығы болам бітті кетем дегені ол өте маңызды болып кетті. Өйткені ашық түрде айтып отыр.