Мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.
Бұл туралы желідегі парақшасында Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.