Қ. Тоқаев Алматыдағы бірнеше нысанды араламақ
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.
Мұнда Президент бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп күтіледі. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қаңтар оқиғасынан кейін күрдеулі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Алматыға соңғы рет былтыр тамыз айында барды. Сол кезде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту, «Балқаш» станциясындағы резервуар мен төрт скважинаның құрылысын аяқтау міндеттерін жүктеген еді.